Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Дәрілік бюллетендер

Басып шығару

Биологиялық белсенді қоспалар (ДБ №21)

Биологиялық белсенді қоспалар (бұдан әрі - ББҚ) — азық –түлікпен тікелей тамақтануға немесе азық-түлік құрамына енгізу арқылы қабыдауға арналған биологиялық белсенді заттардың қоспасы. ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ!

Егер Сіз күнділікті рационыңызбен қатар биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауды ұйғарсаңыз, бұл ББҚ-ның Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тікеуден өткендігін тексеруді ұмытпаңыз. Кез келген өнім сияқты ББҚ да міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс . ББҚ мемлекетік тіркеу/қайта тіркеуі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен жүргізіледі.  Сізді қызықтыратын ББҚ– ның сертификатталуы мен тіркелуін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен сайтынан сонымен қатар, «ҚР өнімдердің мемлекеттік тіркеу куәлігі туралы реестірінен» біле аласыз.http://kooz.mz.gov.kz/ru

 

Дәрілік заттармен улану (ДБ №20)

Дәрілік заттармен улану - бұл дәрілік заттардың токсикалық әсерінің нәтижесінде, организмде, жүйелерде және тұтастай алғанда организмде, ықтимал уытты мөлшерді бір рет енгізу нәтижесінде туындаған патологиялық жағдай.

 

 

 

 

 

 

Амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету (ДБ №19)

Қазақстан Республикасында дәрілік заттармен тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастар тегін дәрілік заттарды ала алады.

2018 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медиицналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы»  2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығы күшіне енеді.

Аталған бұйрықпен Сіз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында www.mz.gov.kz таныса аласыз.

 

 Медикаментозды қателіктер: медикаментозды қателіктердің алдын алуға көмектесетін 18 кеңес (ДБ №18)

Дәрі-дәрмектерді босату, тарату және қабылдау қателіктері, тіпті алдыңғы қатарлы медицинада да жиі кездеседі. Бірақ, егер бірнеше ережелерді сақтасаңыз, осы қателердің көпшілігіне жол берілмейді. Дәрігерлердің қателіктері мен олардан қорғану жолдары туралы көбірек біліңіз.

 

Медициналық қателер денсаулық сақтау жүйесіндегі кез келген жерде болуы мүмкін: ауруханаларда, клиникаларда, хирургиялық орталықтарда, дәрігерлік кеңседе, мейірбике үйлерінде, дәріханаларда және емделушілер үйінде.

 

Мұндай қателіктердің басым көпшілігінің алдын алу мүмкіндігі болатыны өкінішті. Қателерді төмендетудің ең жақсы тәсілдерінің бірі емдеуге белсенді қатысу. Науқас, кем дегенде, оның дәрі-дәрмектеріне, соның ішінде жанама әсерлерге және дозаларға қатысты маңызды ақпаратты зерделеуі керек. Ешқашан дәрігерге немесе фармацевтке сұрақ қоюдан ұялмаңыз.

  

Дәрілік заттардың этикалық жылжытужылжыт (ДБ №17)

 

Дәрі-дәрмектер денсаулықты қолдауда маңызды рөл атқаруы мүмкін, бірақ сонымен қатар оларды ұтымды қолданудың өмірлік маңызы бар.

Егер пациент емдеуді қажет ететін болса, онда ол дұрыс дозада және көлемде, адекватты емделу курсына жеткілікті  болатын қажетті дәрілерге қолжеткізе алуы тиіс.

Фармацевтикалық өнеркәсіптің  қоғамға құнды үлес қосатыны сөзсіз, алайда, ең алдымен, фармацевтикалық индустрия – бизнес екенін ұмытпаған жөн.

Дәрілерді кеңінен жарнамалау дәрілердің ұтымсыз тағайындалуына және шектен тыс қолданылуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, жанама әсерлер қаупінің артуына және денсаулық сақтау шығындарының көбеюіне әкеп соғады. Дәрілерді фармацевтикалық нарықта сатуды барынша ынталандыру мен  пациенттердің денсаулығына деген қамқорлықтың арасында қайшылықтар бар.

Соңғы жылдары үдеп келе жатқан алаңдаушылық денсаулық сақтау қызметкерлері мен фарминдустрияның арасындағы байланысқа - атап айтқанда,  индустрияның емдеуді таңдауға әсер ететін көптеген жарнама құралдары арқылы дәрілерді тағайындау мен босатуға қызығушылық туғызды.

Бұл ықпал дәрі-дәрмектерді айтарлықтай оңтайлы таңдамауға әкеп соғуы, кейде пациенттің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Дәрілік заттарды ұтымды қолдануды әлемдік денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізуге  басты кедергі келтіретін  — фармацевтикалық индустрияның өз өнімін/дәрілерді жылжыту бойынша әдепсіз қызметі.

Міне, сондықтан да  ДДҰ-ның конференциясында 1985 жылы  алты тілде жарияланған дәрілерді жылжыту  жөніндегі  этикалық өлшемдер әзірленген болатын.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ)  «өндірушілердің заңды коммерциялық мақсаттары мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің және халықтың дәрілерді ұтымды түрде таңдауға және пайдалануға деген әлеуметтік, медициналық және экономикалық қажеттіліктері  арасындағы шарасыз мүдделер қақтығысы» деп сипаттайды (Еуро-ВОЗ, 1993).

  

15 Дәрілік бюллетен

Дәрі-дәрмекті ауыз арқылы қабылдау. Артықшылықтары бар ма? (ДБ №15)

 Дәрі-дәрмектер түрлі дәрілік формаларда: таблеткалар; инъекция жасау ерітінділері, аэрозольдар, шырындар, ұнтақтар және т.б. түрлерде шығарылады. Әрине, дәрі-дәрмектерді ағзаға қабылдау жолдары да әр түрлі. Кез келген дәрі-дәрмек формасының басты мақсаты дәрілік затқа керек уақытта, керек жерде болуға көмектесу. 

 Дәрі-дәрмектердің әр тобында ең аз жанама әсерлермен (дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсерлері). үйлесе отырып, барынша жоғары нәтижені қамтамасыз ететін формасы ең оңтайлы саналады.

 Дәрі-дәрмектердің адам ағзасына түсінің қандай жолдары бар?

 Энтералдық / Пероралдық жол: дәрі адам ішіне ауыз арқылы; тікішек арқылы; жақ ішінде трансбуккалды; тіл астында (сублингвальды)

 Сырттай тәсіл: дәрі-дәрмек теріге; шырышты қабықшаға, көзге, құлаққа, мұрынға, қынапқа жағылады

 Тыныстық жол: дәрі-дәрмектер ағзаға тыныс алу жолдары арқылы түседі

 Парентералдық жол: дәрі-дәрмектер бұлшықет ішіне; көк тамырдан; тері ішіне; тері астына; артерия арқылы; азаның түрлі қуыстарына  (буын, құрсақ, жүрек, өкпеқап қуыстарына ) енгізіледі

  

14 Дәрілік бюллетен

 Адам және антибиотиктер бүгін және келешекте

 Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ӘДСҰ) мәліметтері бойынша бүкіл дүниежүзі бойынша жұқпалы аурулардан жылына 11 милионға жуық адам қайтыс болады. Жұқпалы аурулармен күресудің ең бір тиімді шараларына антибиотиктерді қолдану жатады. Бірақ дегенмен жұқпалы аурулардың дамуында микроорганизмдердің ролі ХІХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болса да, антибиотиктердің тарихы шамамен 70 жылды құрайды. «Антибиотик» терминін айналымға 1952 жылы стрептомицинді ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған, американың микробиологы З.Ваксман енгізді.

Қазіргі уақытта әлемде дәрігерлердің қорында әртүрлі антибиотиктердің жеткілікті саны бар. Бірақ қазіргі кезде де медицинаның барлық жаңа жетістіктеріне қарамастан, адам жұқпалы аурудан өлуі мүмкін! Оның негізгі себептеріне антибиотиктерге микроорганизмдердің тұрақтылығының дамуы жатады. Қоздырғыштардың емдік препараттарға тұрақтылығының дамуы, жұқпалы аурулардың этиотропты еміне тиімділігінің бірден төмендеуіне әкеледі.

 

 13 Дәрілік бюллетен 

  Адам және дәрі-дәрмектер

 Заманға сай дәрілік заттар жасау XX ғасырдың ірі жетістіктерінің бірі болып табылады. Өткен жүзжылдықтың 30- жылдары адам тарихындағы фармакологиялық төңкерістің басы деп есептелуі тегін емес.  

Расында да, осы уақыттан бастап дәрілік заттардың саны жылдам көбейе бастаған,  бұрын беймәлім  болған дәрілік заттардың жаңа топтары бірінен соң бірі пайда болып, дәрі-дәрмектерді бағытты іздестірудің ғылыми қағидалары, химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіп табысты дамып келеді. 

Қазіргі уақытта қолданыстағы дәрілік заттардың жалпы көлемі мыңдаған жеке химиялық қосылыстарды  және он мыңдаған дайын дәрілік нысандар мен құрамдастырлыған препараттарды қамтиды.  Сонымен, Қазақстан Республикасында Фармакологиялық топтардың  7 мыңнан астам дәрілік препараттары тіркелген.

Алайда олардың барлығы бірдей маңызды емес.  Кейбіреулерінің тиімділігі жоғары және заманауи медицинаның оларсыз күні жоқ. Кейбір дәрілік заттардың әсері ұқсас басқаларымен бәсекелесуіне тура келеді, бұл ретте олар үнемі салыстыруға төтеп бере алмайды және уақыт өте келе клиникалық практикада маңыздылығы жоғалады.   

 

12 Дәрілік бюллетен 

СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕР

Вирустық гепатит сырқаты дүниежүзінде өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Қазақстан Республикасында созылмалы вирустық гепатит көбінесе еңбекке қабілетті жас  шақта дамитын әлеуметтік ауру  болып танылған, бұл фактор мемлекетке зор экономикалық зиян келтіріп, қаржы және адам ресурстарын ысырап болуына әкеліп соқтыруда.

Сол себепті созылмалы вирустық гепатиттің алдын алу, анықтау және оны емдеу қатаң түрде мемлекеттің патронажында.

Вирустық гепатиттер— бұл клиникалық белгілері ұқсас және көп жағдайда бауырға зақым келтіретін вирустық этиологиядағы аурулардың үлкен тобы.

Бауыр — адам ағзасының ең маңызды мүшесі, ол ас қорытуға қатысып қана қоймай (өт бөлу), сондай-ақ, ол ағзадағы маңызды  «сүзгі» болып табылады - улы зат алмасу өнімдерін, аллергендерді және улы заттарды бейтараптандыра отырып, қанды тазартады. 

 

11 Дәрілік бюллетен

Қант диабеті

 Қант диабеті (ҚД) - бұл, инсулиннің ұйқы  безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеген немесе ағзаның одан бөлінген инсулинді тиімді пайдалана алмаған  жағдайларда дамитын созылмалы ауру. Инсулин — қанның құрамындағы қанттың деңгейін реттейтін  гормон. Бағынбайтын диабеттің жалпы нәтижесі гипергликемия немесе қандағы қант мөлшерінің жоғары деңгейі болып табылады, бұл уақыт өте келе ағзаның көптеген жүйесінің, әсіресе көздің, бүйректің, жүрек пен қан тамырларының қатты бұзылуына әкеліп соғады.

 

 

 

 10 Дәрілік бюллетен 

 Буын аурулары

 Барлығымыз деніміздің сау болғанын қалаймыз. Онда неге  денсаулығымыз мықты деп мақтана алмаймыз? Неге әр түрлі дәрілердің, жаңа тамақ өнімдерінің пайда болып жатқанына қарамастан, ондаған жыл өткен сайын обыр, диабет, демікпе, жүйке бұзылыстары, буын мен жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары сынды сырқаттардың өсуі байқалады?

Бойыңыздан ешбір сырқат анықталмаған жағдайда да «денсаулығым мықты» деп айта алмайсыз. Себебі «қандай да бір ауруға шалдыққан» деген диагноз қойылмаған жандар да кей кезде өзін үнемі шаршағандай, әлсірегендей сезінеді. Бұл - толыққанды және қуанышты өмір сүруге мүмкіндік беретін энергияның таусылғанын сезінген кезең болып табылады.

Әрбір адамның өмірінде «кем» дегенде бір рет буындары ауырады. Қозғалыс кезінде буындардың сықырлауы білдірмей пайда болады және артрозбен байланысты. Бұл симптомда көңіл жұбатарлық еш нәрсе жоқ: ол буынның тозғанын немесе ауырғанын білдіреді. Алдымен буындар жүру кезінде сықырлай бастайды, кейін ауырады, артынша бұзылады. Бірақ мұндай жағдайда қорықпаңыз. Өзіңізді дұрыс ұстап, мәселені ушықтырмаудың жолын іздестіргеніңіз жөн.

 

9 Дәрілік бюллетен 

Артериялық гипертензия

 Жүрек-қан тамыры аурулары (ЖҚА)бұрынғысынша дамыған және дамушы елдерде ересектер арасындағы еңбекке қабілеттіліктің ерте жоғалуы мен өлімнің себебі болып табылады. Барлық өлім санының ішінде ЖҚА-дан болған өлімнің себебі 1-орында тұр. Екінші орында—онкология, үшінші орында—сыртқы факторлар, апаттар, жарақаттар және т.б. Қазақстанда еркектердің 45%-ға жуығы ЖҚА-ның асқынуынан өледі. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш 60%-ды құрайды. Бірінші орында— гипертониялық ауру мен симптоматиялық гипертонияны біріктіретін Артериялық гипертензия (бұдан әрі — АГ), бұл систолалық артериялық қысымның (САҚ) 140 мм.рт.ст. дейін және одан жоғары және диастолалық қысым деңгейінің (ДҚД) 90 мм.рт.ст. дейін және одан жоғары көтерілуін білдіреді.

  

 

7 Дәрілік бюллетен

Аллергия

 Қазіргі заманғы медицинада аллергия мәселесі жетекші орындардың бірін алып отыр. Аллергиялық аурулардың өсуі соңғы бірнеше он жылдықта болжамдалған барлық көрсеткіштерден асып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дүниежүзінде жақын арада аталған патологияны төмендетудің болашағы жоқ.

Аллергия Қазақстан халқы үшін де өзекті мәселе. Бұл оның таралуының жоғары деңгейіне, аурудың жіті және үйлесімді клиникалық түрлерінің жиілік  үрдісінің өсуіне байланысты. Аллергиялық аурулардың қалыптасуы: адамның иммунологиялық реактивінің, қоршаған ортаның, өмір сүру жағдайының, тамақтану түрінің, аллергияның және басқалардың профилактикасына уақытылы шара қабылдаудың бірнеше факторларының қатарына байланысты.  

Бүгінгі күні аллергиялық патологиялар құрылымында анағұрлым таралған бронх демікпесі мен аллергиялық ренит болып табылады. Ренит пен демікпенің тарауы диагностикалық өлшем-талаптарға байланысты, тұрғылықты жеріне және қауымдастықтың жас ерекшелігіне байланысты зерттеуден зерттеуге өзгеруде.

 

6 Дәрілік бюллетен

Жүктілік кезіндегі үрей туғызатын белгілер                                                                                                                                                  

Әртүрлі аурулар мен жағдайлардың үрей туғызатын, қауіпті белгілерін дер кезінде байқап-анықтау қаншалықты өзекті? 

Бәрінен бұрын, үрей туғызатын, қауіпті белгілерді адам  білмегендіктен сол алғашқы белгілер ескерілмейді, соның салдарынан медициналық көмек кеш көрсетіліп, тіпті өлімге душар етуі мүмкін.

«Жүктілік—әрбір отбасы өміріндегі маңызды әрі керемет оқиға. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушерлік және гинекология бөлімінің басшысы Талшын Үкібасова бұл мезгілді барынша сақ, ұқыпты болатын, өте жауапты кезең деп есептейді. Үрей туғызатын белгілерді тани білу және кез-келген жағдайда қажетті іс-әрекеттер қолдануды шешу, жүктілікті қадағалап-қараудың анағұрлым дұрыс стратегиясын әзірлеуге көмектеседі.

  

5 Дәрілік бюллетен

2012 жылы кандай жаңалықтар бар? Республикамыздағы амбулаторлы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру

Қазақстан Республикасында дәрілік заттармен тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастар тегін немесе жеңілдік  негізінде дәрілік заттарды ала алады.

Бүгінгі таңда Үкімет және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі амбулаторлық - емханалық деңгейде сапалы және уақтылы дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін және де  аурудың өршу жиілігі мен ауруханаға жатып емделу жиілігін төмендету үшін, бұл бағыттың дамуы мен әрі қарай жетілуіне көп көңіл бөлуде.

Сондықтан да, 2011-2015 жылдарға жоспарланған «Саламатты Қазақстан» атты денсаулық сақтау жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында амбулаторлық дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру басты бағыт болып табылады.

 

4 Дәрілік бюллетен

Түпнұсқа, генериктер - нені таңдау?

 Құрметті оқырмандар,

Қазіргі таңда біздің елде 6000-ға жуық дәрілік препараттар тіркелген. Бұл тәжірибедегі дәрігерлер, халық үшін, дәрілік препараттарға қатысты  дәйекті және объективті ақпараттарды талап етеді. Бізге жиі қойылатын сұрақтардың бірі  - дәрілік препараттардың түрлі атаулары, түпнұсқа және генериктің айырмашылығы, және қандай препаратты таңдаған дұрыс?

Кейбір науқастар, дәрігерден немесе фармацевттен тек түпнұсқалы препараттарды жазып беруді сұрайды. Бірақ, науқас, сенімді ақпараттар көздерін басшылыққа ала отырып, түпнұсқалы препараттың генерикалық препараттардан айырмашылығын көп жағдайда біле бермейді.

Сонымен, бұл препараттар немен ерекшелінеді?

Түпнұсқалы дәрілік препараттар – бұл алғашқы синтезделінген, клиникаға дейінгі (жануарларға) және клиникалық (адамдарға) зерттеулерден өткен дәрілік зат, оның белсенді компоненттері патентпен қорғалған, сонымен қатар, оның өндіру әдісі патенттелуі мүмкін. Патенттік қорғау белгілі мерзімге дейін болады және ол 15-20 жылға созылуы мүмкін.

 

3 Дәрілік бюллетен

 Адам және антибиотиктер: бүгіні мен ертеңі?

 Құрметті қазақстандықтар,

 Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ӘДСҰ) мәліметтері бойынша бүкіл дүниежүзі бойынша жұқпалы аурулардан жылына 11 милионға жуық адам қайтыс болады. Жұқпалы аурулармен күресудің ең бір тиімді шараларына антибиотиктерді қолдану жатады. Бірақ дегенмен жұқпалы аурулардың дамуында микроорганизмдердің ролі ХІХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болса да, антибиотиктердің тарихы шамамен 70 жылды құрайды. «Антибиотик» терминін айналымға 1952 жылы стрептомицинді ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған, американың микробиологы З.Ваксман енгізді.

Қазіргі уақытта әлемде дәрігерлердің қорында әртүрлі антибиотиктердің жеткілікті саны бар. Бірақ қазіргі кезде де медицинаның барлық жаңа жетістіктеріне қарамастан, адам жұқпалы аурудан өлуі мүмкін! Оның негізгі себептеріне антибиотиктерге микроорганизмдердің тұрақтылығының дамуы жатады. Қоздырғыштардың емдік препараттарға тұрақтылығының дамуы, жұқпалы аурулардың этиотропты еміне тиімділігінің бірден төмендеуіне әкеледі.

Микробтардың антибиотиктерге  тұрақтылығы немесе бейімсіздігі жаратынды және жүре пайда болатын деп бөлінеді. Жаратынды тұрақтылық болжамды және нұсқауында көрсетілген антибиотиктің әсер ету спектрі сияқты, антибиотиктің ана немесе мына микробтарға бағытталған әсерімен көрінеді.

Мысалы, бронхит немесе пневмонияны емдеу үшін гентамицинді қолдану жөнсіз және тиімсіз, себебі гентамицин тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезіндегі микробтарға әдетте әсер етпейді. Осы жағдайда гентамицинді тағайындау арқылы біз нені аламыз? Біріншіден, терапиялық тиімділіктің  жоқтығы – уақыт және денсаулық кетеді, екіншіден, гентамицинге тұрақты микроорганизм штамдарының қалыптасуына ықпал жасаймыз, үшіншіден, гентамицин зиянсыз препаратқа жатпайды – ол бүйрекке және есту мүшелеріне улылық әсер етеді.

 

2 Дәрілік бюллетен 

 Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі—медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатудағы жетістік 

 Құрметті қазақстандықтар,

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетудің бұрынғы тәсілдерін түбірімен өзгертетін үлкен өзгерістер болып жатыр. Және қоғамдық денсаулық сақтауды реформалаудың маңызды бағыттарының бірі болып, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізуді іске асыру болып табылады.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (БҰДСЖ) негізгі мақсаттары медициналық және дәрілік көмек көрсету жүйесін жетілдіру  және басқару сапасын жоғарылату. Аталған жүйе БҰДСЖ пациенттерге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігін беру, ал емделген жағдайдың ақысы медициналық-экономикалық хаттамаларды енгізу негізінде нақты шығындар бойынша төленеді. Бұл жағдай медициналық қызмет көрсету саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, осы қызметтерді барынша ашық қылу және  бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.       

 

1 Дәрілік бюллетен  

Қазақстанда Дәрілік ақпарат орталығы құрастырылды

  Құрметті қазақстандықтар,

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың денсаулығына жауапкершілік сұрақтарында, мемлекет пен халықтың ортақ жауапкершілігі туралы айтылған.

Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында сонымен қатар барлық азаматтарға тегін көмектің қолжетімділігін құамтамасыз ету үшін мемелекет көп жұмыс атқаруда.

2009 жылы денсаулық сақтау жүйесіне мемлекеттік бюджеттен 273,1 млрд. теңге бөлінді, ол 2004 жылмен салыстырғанда 3 есе артық. Бұл ғаламдық қаржы дағдарысы уақытында!

      Денсаулық сақтау министрлігі бюджетті тиімді қолдануды жоғарылату мен медициналық қызметтің сапасын бақылауда, сонымен қатар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді.

     Бұдан басқа, қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесін қайта құрастыруға бағытталған бір қатар үлкен шаралар жүргізілуде.

    Жаңа кезең жетістіктерінің негізі болатын 2011-2015 жылдары бекітілген «Салауатты Қазақстан» Мемлекет бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулықты сақтауды дамытуына бағытталған. Бұл бағдарламаны енгізу, денсаулық сақтау жүйесінің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар тиімділігінің жоғарылауына ықпал етеді.