Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Дыбыс өнімдері

Басып шығару

Тыңдау

Бүгінгі күні Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы Астана қаласындағы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрамында жұмыс істейді  және Алматы қаласында аймақтық бөлімі  бар. Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері -  дәрілік заттарды дұрыс қолдану туралы ақпарат беруге тәжірибелері жеткілікті және дәлелді медициналық ақпараттарды пайдалана отырып, препараттар туралы барлық мәліметтерді қолдана білетін, арнайы оқудан өткен дәрілік қамтамасыз ету, фармация және клиникалық фармакология саласындағы білікті мамандар.  

Орталықтың негізгі міндеттеріне дәрілік заттарды тиімді пайдалану, пациенттердің тегін дәрілерге құқықтары, қымбат дәрілік заттарды қолжетімді дәрілермен ауыстыру мүмкіндігі, дәрілерді дұрыс қабылдау және сақтау, дәрілердің тиімділігінің дәлелденгендігі жайлы, дәрілік заттарды тіркеу және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша  халықты және медицина қызметкерлерін  ақпараттандыру жатады. 

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының мамандары теледидар мен радиоға белсенді түрде шығып, ақпараттық бағдарламаларға және  ток-шоуларға қатысады. «Астана» радиосы мен Дәрі-дәрмек орталығы бірлесіп екі жылдан аса «Рецепты здоровья» радиобағдарламасын жүргізді, онда апта сайын орталық мамандары маңызды тақырыптармен бөлісіп, тікелей эфирде тұрғындардың барлық сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, республикалық радио желісінен орталықтың қызметі жайлы жарнамалық аудиоматериалдар таратылды. Сіздің назарыңызға орталықтың қызметіне қатысты аудиоматериалдарды ұсынамыз.