Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Жиі қойылатын сұрақтар

Раскрывающиеся блоки "div" на JavaScript. Демонстрация.

1-сұрақ: Мен балалар тағамын тегін ала аламын ба? Құрғақ сүт қоспаларын беру қандай критерийлер бойынша анықталады? Қандай мөлшерде беріледі?
Жауап: «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен 1 жасқа дейінгі балаларды ерте жасанды қоректендіруге ауыстыру және сүт қоспаларымен қамтамасыз етудің абсолютті, салыстырмалы медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі бекітілген. Абсолюттік айғақтар тізбесіне мынадай әлеуметтік факторлар кіреді: балаларды асырап алу; емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы – АИТВ-инфекция, туберкулездің белсенді нысаны; бала денсаулығы жағдайы – лактазаның жетіспеушілігі, галактоземия, фенилкетонурия, болезнь «үйеңкі шырыны» ауруы. Салыстырмалы айғақтарға мыналар жатады: көп ұрықты жүктіліктен туған балалар, күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер, аналарды стационарлық емдеу, емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы: қан ауруларының ауыр нысандары, онкологиялық аурулар, жіті психикалық аурулар, бүйрек және жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі, іріңді-септикалық аурулар, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр нысандары, гипогалактиканың бастапқы нысандары. Әрбір медициналық ұйымдамедиицналық айғақтардың болуы немесе болмауы туралы қорытынды беруі тиіс балаларды туған сәттен бастап ерте жасанды/аралас қоректендіруге ауыстыру жөніндегі лактологиялық комиссия құрылған. Сүт қоспаларын босату нормасын аймағыңыздағы сүт қоспасымен қамтамасыз етуді қажет ететін балалардың санына қарай бөлу қағазына сәйкес медициналық ұйым бекітеді. Жасанды қоректендіруге ауыстыруға арналған айғақтар болса учаске дәрігері Сіздің аймақтың емханаңызда көзделген көлемде дәріханаға рецепт жазып береді. Толық ақпаратты, сондай-ақ ҚР ДСМ-нің № 786 толық нұсқасын, Сіз www.druginfo.kz сайтынан немесе аймақтық емхананың стендінен оқи аласыз. Нәрестеңіздің денсаулығы мықты болсын деп тілейміз!
2 –сұрақ: Жүкті әйелдерге тегін препараттар беріле ме?
Жауап Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге тегін босатылатын дәрілік заттардың тізбесі бекітілген. Жоғарыда аталған Тізбеге сәйкес, жиынтығында дәрумендері бар (аскорбин және фоли қышқылы) темір препараттары «II, III сатыдағы темір тапшылығы анемиясы (сарысу темірі 10мкмоль/л-ден төмен)» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған ұрпақты болу жасындағы әйелдерге беріледі. Сырқаты бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын жүкті әйелдерге тегін препараттар берілмейді. Толық ақпаратты біздің druginfo.kz сайтымыздағы «Пациенттерге арналған ақпараттар» айдарынан қарауыңызға болады. Денсаулық тілеуші, Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
3-сұрақ: Қант диабеті кезінде қандай дәрілерді тегін алуға болады?
Жауап: Дәрілік препараттармен тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген. «Инсулинге тәуелді қант диабеті» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған пациенттерге мынадай дәрілер жазылып беріледі: Инсулин; бір рет қолдануға арналған таңбасы бар инсулин шприцтері; шприц-қаламдарға инелер; кетондық денелер үшін тест-жолақтар; қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар; Микроальбуминурияны анықтау үшін тест жолақтар. Жоғарыда аталған бұйрықпен www.druginfo.kz сайтындағы «Пациенттерге арналған ақпараттар» айдарында немесе аймақтық емханадағы стендте таныса аласыз.
4-сұрақ: Мен қандай препараттарды бронх демікпесі кезінде тегін алуға құқылымын?
Жауап: «Бронх демікпесі, ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған пациенттер дәрілік заттардың 11 атауымен қамтамасыз етіледі, осыған байланысты Сіз емдеуші дәрігеріңізден рецепт жазып беруді сұрағаныңыз жөн. Больным, состоящим на диспансерном учете с диагнозом «Бронх демікпесі» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған науқастарға мынадай препараттар беріледі: Сальбутамол; Фенотерол; Флутиказон; Беклометазон; Будесонид; Будесонид+Формотерол фумарат дигидраты; Салметерол+Флутиказон пропионаты; Циклезонид; Теофиллин; Преднизолон; Фенотерол гидробромиді + Ипратропия бромиді. Толық ақпаратты, сондай-ақ ҚР ДСМ-нің № 786 толық нұсқасын, Сіз www.druginfo.kz сайтындағы «Пациенттерге арналған ақпараттар» айдарынан немесе аймақтық емхананың стендінен оқуыңызға болады.
5-сұрақ: В және С гепатиті кезінде қандай дәрілерді тегін алуға болады?
Жауап: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген. Осы Тізбеге сәйкес диспансерлік есепте тұрған пациенттер мынадай препараттарды тегін алуларына болады: В және С вирусты гепатиті кезінде ХГВ — репликация сатысы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме; ХГС — халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысы: Пегинтерферон — альфа 2 b; Пегинтерферон — альфа 2 а, Рибавирин. Толық ақпаратты, сондай-ақ ҚР ДСМ-нің № 786 толық нұсқасын, Сіз www.druginfo.kz сайтындағы «Пациенттерге арналған ақпараттар» айдарынан немесе аймақтық емхананың стендінен қарауыңызға болады. Құрметпен, Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы.
6-сұрақ: Балаларға арналған қандай препараттарды тегін алуға болады?
Жауап: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген. Осы Тізбеге сәйкес, балалар үшін берілген ауруларды емдеген кезде келесі препараттарды тегін ала аласыз: жаңа туған нәрестелер кезеңіндегі аурулар — 2 айға дейінгі жаңа туған нәрестелер ана мен бала дәрі қобдишасы, мешел кезінде 1 жасқа дейінгі балаларға — Эргокальциферол немесе Колекальциферол, айғақтары бойынша ерте жасанды қоректендіруге ауыстыру кезінде 1 жасқа дейінгі балаларға — бейімделеген емшек сүтін алмастырғыштар. 0-5 жасқа дейінгі балалардың келесі нозологияларында: жіті фарингит, жіті тонзиллит, жіті бронхит Амоксициллин, Амоксициллин+клавулон қышқылы, Парацетамол мен Ибупрофен тегін беріледі. Бұған қоса, мынадай нозологиялар бойынша диспансерлк есепте тұрған балаларға тегін дәрілік заттар беріледі: пневмония, темір тапшылығы анемиясы, бронх демікпесі, қант диабеті және т.б.
7-сұрақ: Артериялық гипертензия кезінде қандай дәрілер тегін берілуі тиіс?
Жауап: Артериялық гипертензия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған пациенттерге келесі препараттар тегін беріледі: Негізгі терапия: Эналаприл, Амлодипин, Индапамид; Кандесартан. Әлеуметтік әлсіз топтарға қосымша терапия: Бисопролол; Моксонидин; Валсартан + Амлодипин; Телмисартан + Гидрохлортиазид; Эналаприл + Нитрендипин; Лизиноприл + Амлодипин; Фозиноприл (қосалқы жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі бар пациенттер үшін); Периндоприл; Нифедипин; Периндоприл + Индапамид. Толық ақпаратты, сондай-ақ ҚР ДСМ-нің № 786 толық нұсқасын, Сіз www.druginfo.kz сайтындағы «Пациенттерге арналған ақпараттар» айдарынан қарауыңызға болады. Денсаулық тілеуші, Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы.
8-сұрақ: Онкологиялық науқастар қандай дәрілерді тегін ала алады?
Жауап: Қатерлі ісіктердің барлық сатысы, сондай-ақ қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін босатылатын дәрілік заттардың тізбесіне кіреді. Дәрілік препараттардың осы тізбесіндегі «Онкология» санатына 23 дәрілік препарат қаралған.
9 -сұрақ: Жүрек қақпақшалары протезделген кезде қандай дәрілік заттарды тегін алуға болады?
Жауап: Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге тегін босатылатын дәрілік заттар тізбесі бекітілген. Жүрек қақпақшалары протезделген науқастарға қолқакоронарлық шунттау мен стенттеуден кейін мына дәрілер тегін беріледі: Варфарин, таблетка; Ацетилсалицил қышқылы, таблетка; Клопидогрель, таблетка.
10 -сұрақ: Тегін вакцинация алуға кімдер құқылы?
Жауап: «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан тегін вакцинациялау келесі санаттарға жүргізіледі: кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның ішінде: медицина қызметкерлері; денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның ішінде: медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті; эпидемиологиялық айғақтар бойынша (жүкті әйелдерге, жұмыс берушінің есебінен ұйымдасқан ұжымдарға). Барлық қалған санаттарға ақылы негізде вакцинация жүргізіледі. Денсаулық тілеуші, Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы.