2019 жылдың 26 маусымда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, медициналық ұйымдардың басшылары, клиникалық фармакологтары қатысумен келесі сұрақтарды талқылау бойынша селекторлық кеңес өтті.
ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына ішкі және сыртқы бағалау жүргізу туралы айтып берді.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның профессоры Айгүл Тулепбергенова «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да госпитальдық фармация бөліміннің жұмысын таныстырды.
Қазіргі таңда госпитальдық фармация бөлімдері Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында ашылған.
ДСДРО аккредиттеу орталығының басшысы Ботагөз Каупбаева «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Дүниежүзілік банк жобасының «Медициналық көмек жүйесін жетілдіру» кіші құрамдауыштың шеңберінде іске асырылатын халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу және пилоттық медициналық ұйымдар қызметкерлерінің арасындағы жоба менеджерлерін оқыту бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы баяндады.
Жиын қортындысы бойынша медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, госпитальдық фармация бөлімінің қызметі бойынша әдістемелік көмек көрсету және халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу үшін медициналық ұйымдардың тізімін облыстық денсаулық сақтау басқармалары анықтап алу керектігі туралы шешім қабылданды.