Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

ДСДРО аймақтармен дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу және аккредиттеу стандарттарын енгізу туралы МҰ-дың тізімін бекітті

Басып шығару

2019 жылдың 26 маусымда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, медициналық ұйымдардың басшылары, клиникалық фармакологтары қатысумен келесі сұрақтарды талқылау бойынша селекторлық кеңес өтті.

  1. «Дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-67 бұйрығына сәйкес Дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу тәртібі;
  2. Медициналық ұйымдарда госпитальдық фармация бөлімін құрумен дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды дербестендірілген іріктеу арқылы ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу;
  3. JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу үшін таңдалған медициналық ұйымдардың тізімін бекіту.

ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына ішкі және сыртқы бағалау жүргізу туралы айтып берді.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның профессоры Айгүл Тулепбергенова «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да госпитальдық фармация бөліміннің жұмысын таныстырды.

Қазіргі таңда госпитальдық фармация бөлімдері Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында ашылған.

ДСДРО аккредиттеу орталығының басшысы Ботагөз Каупбаева «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Дүниежүзілік банк жобасының «Медициналық көмек жүйесін жетілдіру» кіші құрамдауыштың шеңберінде іске асырылатын  халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу және пилоттық медициналық ұйымдар қызметкерлерінің арасындағы жоба менеджерлерін оқыту бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы баяндады.

Жиын қортындысы бойынша медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, госпитальдық фармация бөлімінің қызметі бойынша әдістемелік көмек көрсету және халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу үшін медициналық ұйымдардың тізімін облыстық денсаулық сақтау басқармалары анықтап алу керектігі туралы шешім қабылданды.