Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

2018 жылғы 12-18 қараша аралығында Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталығы өткізіледі

Басып шығару

Жыл сайын қараша айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) антибиотиктерді дұрыс пайдалану Дүниежүзілік апталығын өткізеді. Аталған апталық антибиотиктерге тұрақтылық туралы жаһандық деңгейін арттыру және халық, денсаулық сақтау қызметкерлері, фермерлер, азық-түлік өндірушілер, ветеринарлар және саясаткерлер арасында антибиотиктерді ұтымды пайдалануды ынталандыру үшін бағытталған. 

Антибиотиктер ашылған сәттен бастап қазіргі заманғы медицинадағы іргетасы болып табылады. Алайда адам мен жануарлардың денсаулық сақтау саласында антибиотиктердің шамадан тыс және дұрыс пайдаланылмауы антибиотиктерге тұрақтылықтың пайда болуына және таралуына ықпал етті. Антибиотиктерге тұрақтылық жаһандық денсаулық сақтауға және адам әлеуетінің дамуына елеулі қатер төндіруде. Әлемнің барлық бөліктерінде ол қолайсыз жоғары деңгейлерiне өсіп, біздің жұқпалы ауруларды емдеу қабілетіне қатер тудыруда және барлық адамдар үшін қауіп төндіруде.

ДДҰ бұл науқанға барлық мүше мемлекеттерді, медициналық серіктестерді және қоғамды қосылуға шақырады.

Антибиотиктерді дұрыс пайдалану Дүниежүзілік апталығы шеңберінде ДДҰ-ы «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығы» Қоғамдық бірлестігімен қосылып антибиотиктерді тиімді пайдалануға арналған ақпараттық науқан өткізуді жоспарлайды.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтемені http://www.who.int/who-campaigns/world-antibiotic-awareness-week басу арқылы таныса аласыз.