Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Тұмаудың емі қанша тұрады?

Басып шығару

Қысқа уақытта, орынжай сирек желдетіліп, ондағы ауа құрғақ әрі жылы болған кезде, вирустық аурулар үшін қолайлы орта жасалады. Тұмау – кең таралған аурулардың бірі, ол адамнан адамға тез жұға алады. Жөтелу, түшкіру, тамақтағы ауырсыну және мұрыннан су ағу инфекцияның негізгі симптомдары болып табылады, бірақ олар бірнеше күн бойы өтеді. Тұмау ауруларына көмектесетін вирустардың екі жүзге жуық түрі бар, сондықтан көп жағдайда инфекция қайтып келеді, сөйтіп ересек адам жылына 4 ретке дейін, ал бала 8 ретке дейін ауырып қалуы мүмкін. Өкінішке орай, тұмау ауруларына қарсы вакциналар жоқ. 

Тамақтың (көмейдің) немесе жоғарғы тыныс жолдарының (трахея, бронх) инфекциялары да кең таралған. Бұл инфекцияларды зақымдайтын орнына қарай, ларингит, трахеит немесе бронхит деп және т.б. атайды. Дәрігерлер көбінесе «жіті респираторлық вирустық инфекция» (ЖРВИ) деген терминді пайдаланады, себебі ЖРВИ көбінесе вирустық инфекцияға байланысты болады. 

Жоғарғы тыныс жолдары инфекцияларының симптомдары қандай?

Тұмаудың жалпы симптомдары:

  • Безгек (37,7 ° C және одан жоғары) және қалтырау;
  • Бас ауруы, бұлшықеттің ауырсынуы және шаршау;
  • Жөтел;
  • Мұрынның бітелуі, су ағу тәрізді мұрын симптомдары (сіңбірік және түшкіру);
  • Тамақтағы ауырсыну.

Симптомдар, әдеттегідей, 2-3 күннен соң біртіндеп азая бастайды. Алайда, жөтел 2-3 аптаға дейін сақталуы мүмкін, себебі инфекция тудырған тыныс жолдарындағы ісік (қабыну) ұзақ уақыт сіңіріледі, мұның созылуы қалыпты жағдай болып табылады. Ауырсыну, температура тәрізді қосалқы симптомдар анағұрлым тез өтеді.

Сонымен тұмаудың емі қанша тұрады?

Адамдардың көбі тұмаудың алғашқы симптомдарында дәрі-дәрмекпен емдеу үшін немесе оның алдын алу үшін дәріханаларға қарай жүгіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 7000-нан астам дәрі-дәрмек тіркелген.

Дәріханалардан тиімділігі дәлледенбеген немесе күмән келтіретін дәрілік заттардың, ББҚ-лардың, гомеопаттық заттардың үлкен таңдауын табасыз. Төменде, екі емдеу нұсқасының кестесі және олардың теңге бойынша салыстырмалы құны берілген.

Ересек адамға тиген тұмаудың 1 күнін емдеудің құны*

Дәріханадан дәріні өз бетінше сатып алған кезде 

Дұрыс емдеу

1)   Ыстық түсіретін дәрі

(Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындау үшін құрамында парацетомол бар көп компонентті ұнтақтақғы зат)

Барынша күніне 4 рет

1 қалташасының құны =130 теңге

Тәуліктік емдеу (4 қалташа) = 520 теңге;

2)   Мұрын жолдарын шаю үшін -

теңіз суы (спрей):

1 флакон = 2360 теңге;

3)  Тамақтағы ауырсыну кезінде

(сору үшін пастилкалар, мұз кәмпиттер, таблеткалар, спрей және т.б.)

1 пастилкадан күніне 4 рет

1 пастилка = 24 теңге

1 күн (4 пастилка) = 96 теңге.

4)   Иммунотүрлендіргіш (таблеткалар)

Барынша күніне 4 рет

1 таблетка=115 теңге

1 күн (4 таблетка)=460 теңге;

5)   Оксиметазолин

(мұрынғам тамызаын тамыр тарылтқыш тамшылар)

1 флакон=360 теңге

1)    Ыстық түсіретін дәрі  

(Парацетамол, таблетка 500 мг)

Барынша күніне 4 рет

1 таблетка = 5 теңге

Күніне (4 таблетка) = 20 теңге

2) Мұрын жолдарын шаю үшін және тамақты шаю үшін үй жағдайында жасалған тұз ерітіндісі

Йодталған тұз (1 кг) =50 теңге

Бөлігі ғана пайдаланылады ≈ 10 теңге

3) Интоксикацияны жою үшін

жылы суды жиілетіп көп ішу  = тегін

4) Толыққанды тамақтану

Жиыны 3796 теңге

Жиыны 30 теңге

*Дереккөздер: «Гиппократ» Интернет-дәріханаларының сайты http://www.gippokrat.kz/және  http://i-teka.kz/ сайты  11.04.2016ж.

Тұмауды емдеген кезде, көбі вирустық инфекцияны емдеуде тиімділігі дәлелденбеген иммунотүрлендіргіштер мен гомеопаттық заттарды қосымша пайдаланады, ол өз кезегінде қаржылай шығындардың негізсіз ұлғаюына әкеледі.

Сөйтіп, тұмауды өз бетінше тиімсіз емдеген кезде, 1 күндік емге шамамен 3796 теңге жұмсалады, ал тұмау инфекциясын тиімді емдеген жағдайда 1 күндік емге 30 теңге ғана жұмсауға болады.

Жоғарғы тыныс жолдары инфекцияларының емі қандай болу керек?

Емнің басты мақсаты – Сіздің иммундық жүйеңіз инфекциямен күресіп жатқан кезде, симптомдарды жеңілдету.

Ең пайдалы шаралар:

  • Егер Сізде жоғары температура болса, ағзадағы бірқалыпты сұйықтық тапшылғының (сусыздану) алдын алу үшін көп сұйықтық ішіңіз.
  • Егер шылы шексеңіз, одан бас тартуға тырысып көріңіз. ЖРВИ және маңызды өкпе аурулары, әдеттегідей, шылым шеккіштерде ұзағырақ өтеді.
  • Көбірек демалыңыз.
  • Парацетамол, ибупрофен немесе аспиринді жоғары температураны (безгекті) түсіру үшін ғана бір рет немесе жағдайға қарай қабылдаңыз. (16 жасқа толмаған балалар аспиринді қолданбауы керек).

Тұмауға қарсы арнайы дәрілер жоқ – Сіз тек симптомдарын жеңілдете аласыз.

Тұмау мен жөтелге қарсы басқа да дәрілерді қолдану туралы ақпарат

Дәріханада фармацевт Сізге әр түрлі тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің кең ауқымын ұсынуы мүмкін. Олардың тиімділігінің дәлелденгені туралы ақпараттар жеткіліксіз, кейбірі инфекцияның кейбір симптомдарын жоюға ғана көмектесе алады. Мысалы, мұрынға арналған ісікке қарсы спрей мұрынның бітелу симптомын қысқа мерзімде жеңілтеуі мүмкін.  

Көп компонентті дәрілік заттардың құрамында бірнеше ингредиент болатынын ұмытпаңыз. Олардың кейбірі ұйқышылдыққа әкелуі мүмкін. Бұл тұмаудың салдарынан ұйқымен қиындықтар туындаған жағдайда, ұйқы алдында пайдалы болуы мүмкін. Алайда, бұл дәрілерді қабылдағаннан кейін ұйқы басса, автокөлік жүргізбеңіз. Кейбір компоненттер қан қысымының артуына әкеліп, тіпті глаукомамен ауыратын науқастарда ұстаманы қоздыруы мүмкін. Олардың көбінің құрамында парацетамол бар. Егер Сіз таблеткадағы парацетамолды қабылдайтын болсаңыз, мұқият болыңыз және парацетамолдың ықтимал қауіпсіз дозасынан артық мөлшерде қабылдамаңыз. Парацетамолды дозасынан артық мөлшерде қабылдау жіті бауыр жетіспеушілігінің себебі бола алады.

Егер Сіз мұрынға арналған ісікке қарсы спрейді пайдалансаңыз, оны 3-5 күннен артық пайдаланбаңыз. Анағұрлым ұзақ уақыт бойы қолданған кезде, мұрынның бітелуі басылмағанын сезе аласыз. Бұл «рикошет әсері» деп аталады, яғни рецепторлардың сезімталдығы төмендеп, дәрі әсер етпейді.

2009 жылы наурызда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу жөніндегі агенттік (MHRA, Ұлы Британия) маңызды мәлімдеме жасады, онда былай делінген: «Жаңа ұсыныстың тұжырымы бойынша ата-аналар мен қамқоршылар 6 жасқа толмаған балалаларда тұмау мен жөтелге қарсы рецептурасыз дәрілерді пайдаланбауы тиіс. олардың тиімділігінің ешқандай дәлелі жоқ, оның үстіне, олар аллергия, ұйқышылдық немесе галлюцинация тәрізді жағымсыз әсерлерді тудыра алады»

Антибиотиктер тұмау тиген кезде көмектеседі ме?

Антибиотиктер тұмаудың вирустарына әсер етпейді – бұл жалпыға мәлім ақиқат!

Адамның иммундық жүйесі жеңіл инфекциямен күресуге өзінің де шамасы келеді. Антибиотиктер ЖРВИ-ден сауығуды тездетпейтіні дәлелденген, тіпті жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, себебі кейбір адамдарда жағымсыз әсерлер үдей түседі – диарея, аллергия немесе уытты әсер.

Есте сақтаңыз! Антибиотиктерді дәрігерлер ғана тағайындайды!

Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз  туындаған жағдайда 8 800 080 88 87  Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz.Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!

Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Есбатырова Л.М.

ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК

Дәрі-дәрмек орталығы