Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Халықтың денсаулығына қамқор болу – дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының басты мақсаты

Басып шығару

Қазақстанда көптеген әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады, олардың жұмысын  қарапайым адамдар байқай бермейді, бірақ бұдан оның маңыздылығы төмендемейді. Олардың қызметі ең алдымен халықтың қауіпсіздігін, денсаулығын және уақытылы хабардар болушылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осылардың бірі Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының (ДАТО) қызметі. ДАТО 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің әлеуметтік жобасы ретінде құрылған,  2011 жылы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қызмет ете бастады.    

Бүгінгі күін ДАТО Астана қаласындағы Денсаулық сақтау саласын дамыт республикалық орталығының құрамында жұмысс істейді  және барлық облыс орталықтарында 15 аймақтық бөлімі  бар. ДАТО қызметкерлері дәрілік заттарды дұрыс қолдану бойынша ақпарат беруге тәжірибелері жеткілікті және дәлелді медицинаны пайдалана отырып препараттар туралы барлық мәліметтерді әділ бағалау мүмкіндігіне арнайы оқудан өткен дәрілік қамтамасыз ету, фармация және клиникалық фармакология саласындағы білікті мамандар болып табылады.  

Орталықтың негізгі міндеттеріне дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы, пациенттердің тегін дәріге деген құқықтары, қымбат дәрілік заттарды қолжетімді дәрілерге ауыстыру мүмкіндігі туралы, дәрілерді қалай дұрыс қабылдауға және сақтауға болатындығы, қандай дәрілердің тиімділігі дәлелденгендігі жайлы, дәрілік заттарды тіркеу және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша  халықты және медицина қызметкерлерін  ақпараттандыру жатады.

ДАТО дәрілік заттардың айналысы саласында ауқымды қызмет көрсетеді. Халық үшін де және медиицна қызметкерлері үшін де дәрілік заттар туралы шынай ақпараттың қолжетімділігін арттыру үшін ДАТО  әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланады. 2011 жылдан бастап 8 800 080 88 87 – бірыңғай тегін Сall-қызметі,  www.druginfo. kz сайты жұмыс істейді, онда кез келген дүниежүзілік желіні пайдаланушы өз пікірін қалдыра алады, сұрақтарын қоя алады, сондай-ақ  медицина және дәрілік қамтамасыз ету саласындағы  барлық жаңалықтармен таныса алады. 6 жылдың ішінде  ДАТО-ның тегін Сall-қызметіне  87000 аса адам хабарласқан.

Халықытың сауаттылығын арттыру мақсатында ДАТО  журналдар мен газеттерге дәрілерді қолдану туралы танымдық мақалаларды және ақпараттық хабарламаларыд белсенді түрде жариялап отырады. Ақпараттық агенттіктердің ақпарларында барлық халыққа және дәрігерлерге арналып өткізілетін акциялар мен іс-шаралар туралы, денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформалар, нормативтік-құқытық актілер туралы, ДАТО-мен байланысу деректеріндегі өзгерістер туралы және басқа да көптеген ақпараттар жарияланады.  

 ДАТО мамандары теледидар және радиоға белсенді түрде шығып тұрады, әртүрлі хабарлаларға қатысып отырады,  жаңалықтар сюжеттеріне, талдамалық хабарларға арналған дәйекті ақпарат ұсынады және  ток-шоуларға қатысады. «Астана» радиосы мен Дәрі-дәрмек орталығы бірлесіп екі жылдан аса «Рецепты здоровья» радиобағдарламасын жүргізді, онда апта сайын ДАТО мамандары маңызды тақырыптар бойынша сөз сөйлеп және тікелей эфирде халықтың барлық сұрақтарына жауап берді.  

Орталықтың жұмысы қазақстандықтардың да, шетелдік сарапшыладың да жағымды пікірлерін тудырады.  2013 жылы Дүниежүзілік банктің сарапшысы  доктор Андрес Зайтер  Қазақстандағы ДАТО-ның жұмысына жоғары баға берді. Оның айтуынша  «Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы және оның жалпы ұлттық палатасы тегін Cаll-қызметі халықты ақпараттандыруда елеулі жетістіктерге жеткен…». «Euro Health Group» тобының жетекшісі  Франс Стобелаар  2015 жылғы қараша айында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасын іске асыру жөніндегі қорытынды конференцияда  дәрілік заттар туралы шынайы ақпараттың қолжетімділігін арттыруда 

ДАТО желісінің зор үлес қосқандығын және қызметкерлердің кәсіпқойлықтары жоғары  екендігін атап өтті. Олардың берген бағасын  орталықтың осы күнге дейін жүргізіп келе жатқан жұмысының көрнекті  нәтижелері де және медицина қызметкерлері мен халықтан алған алғыстары да растайды. 

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы дәрілік заттарды қауіпсіз және ұтымды пайдалануды дәріптеуде әртүрлі бағытта жұмыс жүргізеді.  Дәрігерлермен жұмыс жүргізуге де өте жоғары көңіл бөлінеді. ДАТО мамандары  медицина ұйымдарының формулярлық комиссияларының мүшелері болып табылады және  ТМККК бойынша дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде тегін дәрілік заттарды және басқа да тізбелерді қалыптастыруға қатысады. ДАТО Қазақстанның барлық аумағында дәрігерлер үшін  білім беру семинарлары мен лекциялар жүргізеді.   ДАТО қызмет атқарған кезеңінде нәтижелері халықты дәрімен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берген дәрілік заттарды, соның ішінде амбулаториялық деңгейде пайдалану практикасы бойынша әртүрлі зерттеулер жүргізді.   

Сонымен қатар, ДАТО мемлекеттік және орыс тілдерінде халыққа арналған 14 дәрілік бюллетень, дәргерлерге арналған 9 бюллетень, медицина қызметкерлеріне арналған 10 әдістемелік нұсқаулық және дәрілік заттар туралы 4 анықтамалық әзірлеп шығарды. Материалдарды дайындаған кезде дәрілік заттар туралы көпшілік мақұлдаған халықаралық деректер қоры пайдаланылды. ДАТО-ның барлық материалдарына www.druginfo.kzреми сайтында еркін қол жеткізуге болады.

Дәрі-дәрмек орталықтары бүкіл Қазақстан бойынша жыл сайын халыққа арналған әртүрлі тақырыптағы іс-шаралар мен сайыстар өткізіп отырады. Осы жылы ДАТО мамандары ДДҰ-ның Дүниежүзілік аптасын қолдау мақсатында  антибиотиктерді дұрыс пайдалану туралы кең ауқымды ақпараттық кампания өткізді.  Төменгі сынып оқушыларына  интерактивтік-танымдық сабақтар, медициналық ЖОО, колледж студенттеріне семинарлар  жүргізілді. Сондай-ақ, антибиотикке төзімділікті тоқтату бойынша денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған лекциялар оқылды, акцияға барлық денсаулық сақтау басқармалары және  Қазақстанның медицина ұйымдары ат салысты.

2015 жылы ДАТО «Жастар және Дәрі-дәрмектер»атты білім беру жобасын іске қосты, оның негізгі идеясы жастардың дәрілік заттарға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Интерактивтік семинарлар елдің медицина ЖОО мен колледж студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды, олардың көпшілігі дәрілік заттарды дұрыс пайдалануды насихаттауды алға жылжытудағы еріктілерге айналды.

Жүргізілетін акциялардың негізгі мақсаты – адамдарда қалыптасқан пиғылды дәрілік заттарды дұрыс қолдану, дәрігерлердің кеңесін орындау жағына қарай өзгерту, сондай-ақ халықтың медицинаға деген сенімділігін арттыру. Денсаулыққа деген ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында ДАТО жыл сайын емханаларда диспансерлік есепте тұрған пациенттер арасында «Үздік пациент» атты сайыс өткізеді.   Сайыстың идеясына Денсаулық сақтау министрлігі де  қолдау көрсетті, жеңімпаздар Астанада марапатталды, ал сыйлықтар  ретінде оларға Қазақстанның үздік санаторийлеріне емделуге сертификаттар тапсырылды.

ДАТО қызметінің бесжылдығына орай, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  тілшілер арасында ДАТО қызметін үздік насихаттауға арналған сайыс өткізді, оған алдыңғы қатардағы отандық телеарналар, радиостанциялар, газеттер, журналдар  қатысты. Сөйтіп, «Үздік телетілші», «Үздік автор» және «Үздік радиотілші» номинацияларында «Қазақстан» телеарнасының, «Астана» радиостанциясының, “Айқын” республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшілері жеңіске жетті. Сонымен қатар, белсенді қатысқандықтары мен шығармашылық көзқарастары үшін «Тақырыптың өзектілігі үшін», «Жасампаз көзқарас», «Шығармашылық көзқарас», «Кәсіпкерлігі үшін» номинацияларында алғыс хаттар берілді.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық құрылымдары жұмысының негізгі мақсаты ұлттың денсаулығын қалыптастыру және қолдау болып табылады. Дәрілік заттарды қолдануға және халықтың өз денсаулықтарына деген ортақ жауапкершілігіне қатысты іс-әрекеттің дұрыс үлгілерін қадлыптастыру үшін барлық күшін жұмсайтын Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы да осы маңызды жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады. Елдің басты байлығы мұнай ұңғымалары мен табиғаттың көрікті жерлері емес, осы жерде өмір сүретін адамдар. Осыны әрқайсымыз түсінуіміз қажет!

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы барлық тұрғындар мен еліміздің қонақтарын медицина мамандарына дер кезінде қаралуды, скринингтен және вакцинациядан өтуді, және ең бастысы қатерлі, өмірге қауіпті ауруларды  өз бетімен емдеумен айналыспауға шақырады.

Егер Сізде дәрілік заттарды пайдалануға қатсыты сұрақтар туындаған болса, Call-қызметінің тегін нөміріне  8 800 080 88 87 қоңырау шалыңыз немесе біздің ресми сайтымызға хат жазыңыз:  www.druginfo.kz.  

Дендеріңіз сау болсын және өздеріңізге күтіммен қараңыздар!

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы

ҚР ДСӘДМ  «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК