Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Амбулаториялық деңгейде тегін рецепттер алу үшін, пациент  медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына тіркелуі (емхана, ауылдық немесе аудандық емхана, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт), диспансерлік есепте тұруы, ал оның мәліметтері Бекітілген  халық тіркеліміне енгізілуі болуы тиіс.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде дәрілік заттарды алудың сызбанұсқасы:

1 -қадам: тұрған жеріңіз бойынша емханаға бекітілу

2 -қадам: диспансерлік  есепке тұру және одан кейін учаскелік терапевте немесе бейінді маманның бақылауда болу  және Сіздің ауруыңыз көрсетілген Тізбеге кіретін болса, тегін рецепт алу;

3 -қадам:  тегін дәрі алу үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтиикалық қызметті жүзеге асыратын дәріхана фармацевтіне жеке бас куәлігін және тегін рецепт.

Рецепт жазып беруді учаскелік дәрігер және медициналық ұйымның бейінді мамандары жүзеге асырады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мақсатында келесі қағидаттар қолданылады:

  1. Диагноз расталуы және верификациялануы тиіс.
  2. Дәрілік заттар пациенттерге қойылған диагнозға, дәрігердің көрсетімдеріне, пациенттің диспансерлік топқа және халықтың белігілі бір санатына тиістілігіне сәйкес тағайындалады. 
  3. Терапияның қайталануын болдырмау және теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атауы бойынша жазылып, ал дәрілік заттар пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады.
  4. Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасын көрсете отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.
  5. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № ҚР ДСМ-88/2020 бұйрығымен өзгерістер енгізілген). Дәрілік заттардың бұл тізбесіне ТМККК және МӘМС шеңберінде аурулардың 138 түрін емдеуге арналған  тиімділігі дәлелденген препараттардың 617 атауы кіреді. Аталған 2020 жылдың қаңтар айынан қолданыста болады.

04.11.11 жылғы  786  бұйрық - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі 

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медиицналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы»  2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығы

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 14 наурыздағы №105 бұйрығы 

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы.

 

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № ҚР ДСМ-88/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 шiлдеде № 21021 болып тіркелді