Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

2022 Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану апталығы

Печать
Категория: Жаналықтар
Дата публикации Автор: НЦРИЛС

Қазақстанда 2022 жылдың 18  24 қараша күндері арасында Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану апталығы аясында «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығы» ҚБ Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп, халықтың және медициналық қауымдастықтың арасында негізгі мақсаты микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің қауіпін түсіндіру бұл жөніндегі ақпаратты жетілдіруді көздейтін ақпараттық кампания өткізді.

Сондай-ақ 23 қараша күніне 2022 жылы Шымкент қаласында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің және Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының өкілдерімен бірлескен микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күресудің негізгі әдістерін анықтау және ары қарай шаралардың жоспарын жасауға арналған дөңгелек үстел басындағы кездесу жоспарланды.

2018 жылғы 12-18 қараша аралығында Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталығы өткізіледі

Печать
Категория: Жаналықтар
Дата публикации Автор: Super User

Жыл сайын қараша айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) антибиотиктерді дұрыс пайдалану Дүниежүзілік апталығын өткізеді. Аталған апталық антибиотиктерге тұрақтылық туралы жаһандық деңгейін арттыру және халық, денсаулық сақтау қызметкерлері, фермерлер, азық-түлік өндірушілер, ветеринарлар және саясаткерлер арасында антибиотиктерді ұтымды пайдалануды ынталандыру үшін бағытталған. 

Антибиотиктер ашылған сәттен бастап қазіргі заманғы медицинадағы іргетасы болып табылады. Алайда адам мен жануарлардың денсаулық сақтау саласында антибиотиктердің шамадан тыс және дұрыс пайдаланылмауы антибиотиктерге тұрақтылықтың пайда болуына және таралуына ықпал етті. Антибиотиктерге тұрақтылық жаһандық денсаулық сақтауға және адам әлеуетінің дамуына елеулі қатер төндіруде. Әлемнің барлық бөліктерінде ол қолайсыз жоғары деңгейлерiне өсіп, біздің жұқпалы ауруларды емдеу қабілетіне қатер тудыруда және барлық адамдар үшін қауіп төндіруде.

ДДҰ бұл науқанға барлық мүше мемлекеттерді, медициналық серіктестерді және қоғамды қосылуға шақырады.

Антибиотиктерді дұрыс пайдалану Дүниежүзілік апталығы шеңберінде ДДҰ-ы «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығы» Қоғамдық бірлестігімен қосылып антибиотиктерді тиімді пайдалануға арналған ақпараттық науқан өткізуді жоспарлайды.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтемені http://www.who.int/who-campaigns/world-antibiotic-awareness-week басу арқылы таныса аласыз.

Ақсу аудандық орталық ауруханасында 2017жылғы 13-19 қараша аралығында Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталық шеңберінде антибиотиктерді тиімді пайдалануға арналған ақпараттық науқан өткізілді

Печать
Категория: Жаналықтар
Дата публикации Автор: Super User

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының материалдарын пайдалана отырып, Жансүгір аулыныда орналасқан Қ.И.Сатбаев атныдағы орта метеп- гиназиясының ұстаздарына Ақсу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Сейсенбек А.Б. «Антибиотиктерді тиімді пайдалану» атты дәріс оқыды.

Осы тақырып бойынша Е.Сихимов атындағы орта мектебінің ұстаздарына Ақсу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Турысбекова Н.С. «Антибиотиктерді тиімді пайдалану»  атты дәріс оқыды.