Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Негізгі 10 ереже

1. Дұрыс тамақтаныңыз!

Диабеттің барлық түрлерін емдеудің негізінде диета сақтау жатыр.

Күндік рационның ересек адамның 1 кг дене салмағына шаққанда 105—210 кДж (25—50 ккал) құрайтын энергетикалық құндылығы нақты жұмсалатын энергиядан асып кетпеуі тиіс. Артық салмақ болған кезде рационның құндылығы 20—25 % төмендетіледі.

Рациондағы ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың ұсынылатын арасалмағы: А—15—20%, М— 25—30 %, К — 50—55 % энергетикалық құндылығы бойынша; 1:0,7 (0,75): 2,5—3,5 массасы бойынша.

Тағам рационының энергетикалық құндылығы 1050 кДж (2500 ккал) болған кезде онда 100 г ақуыз, 70—75 г майлар, 300—370 г көмірсулар, соның ішінде 25—30 өсімдік болуы тиіс.

Күнделікті рационнан қантты, қантты кондитерлік өнімдерді, ұнтақ жарманы, майлы және қақталған шұжықтарды, ішімдікті, сыраны, жүзімді, қанты бар жеміс шырындарын алып тастау керек. Көмірсулары көп тағам өнімдерін (нан-тоқаш өнімдері, картоп және жармалар, жемістердің тәтті сорттары, майлар) тұтынуды шектеу қажет. Тамақтану рационында міндетті түрде көкөністер, жемістер, сүт, ірімшік болуы тиіс.

Инсулинді енгізген кезде тағамды қатаң түрде белгілі бір уақытта қабылдаудың маңызы зор.

Ішімдік ішуге, темекі шегуге болмайды.

2. Күн тәртібін дұрыс сақтаңыз.

Таңертең тұру, еңбек қызметі (оқу), инсулинді енгізу, тамақ пен дәріні қабылдау, белсенді демалыс, ұйықтауға жату белгілі бір уақытта орындалуы тиіс. Ми мен денені қатты шаршатпаңыз.

3. Жеке бастың гигиенасы және үй гигиенасы ережелерін сақтаңыз.

Дене шынықтыру, спортпен айналысу (күш түсірмейтін түрлері) зат алмасуға пайдалы әсерін тигізеді, көмірсулардың пайдаға асуын күшейтеді, инсулинге деген қажеттілікті төмендетеді, аурудың өтуін жеңілдетеді, еңбек қабілеттілігін арттырады.

4. Құрамында қанты бар препараттарды белгілі бір уақытта ғана қабылдаңыз.

Дәрігерге айтпай өз еркімен препаратты ауыстыруға, дозасын өзгертуге немесе оларды қабылдауды тоқтатуға болмайды.

5. Инсулинді енгізген кезде тазалық пен зарарсыздықты сақтаңыз. Бір жерге инъекция айына 1-2 реттен артық жасалмауы тиіс. Сондықтан ине кіргізетін жерлерді ауыстырып отырған жөн.

6. Инсулин қабылдайтын науқастарда гипогликемиялық жағдай дамуы мүмкін, оның белгілері әлсіздік, қолдың дірілдеуі, тершеңдік, еріннің, тілдің жансыздануы, аштық сезімі, сананың ессіздікке дейін бұзылуы (гипогликемиялық кома). Осындай жағдайдың дамуына тағамды уақытында немесе жеткілікті мөлшерде қабылдамау, инсулиннің артық дозасын енгізу, шектен тыс артық күш түсіру әсер етеді. Жедел гипогликемияны болдырмас үшін науқас үнемі бір үзім нан, печенье, қант, кәмпит алып, жеп жіберуі қажет.

7. Жедел инфекциялық ауыру, инсулинді уақытында және жеткілікті мөлшерде енгізбеу, мидың және дененің қатты шаршауы, күн тәртібі мен тамақтанудың өрескел бұзылуы және басқа да себептер аурудың асқынуына және диабеттік комаға әкеп соғуы мүмкін.

8. Кәсіпті және еңбек қызметін таңдаған кезде сырқаттың ерекшеліктеріне байланысты оның ушығуын және ерте мүгедектікті болдырмас үшін шектеулерді ескеріңіз.

9. Теңгерілген қант диабеті некеге тұруға және қалыпты отбасылық тұрмыс құруға және еңбек қызметіне кедергі болмайды.

10. Ушығуды, оның ішінде көздің, бүйректің, бауырдың, аяқтың, жүйке жүйесінің, қызылиектің жиі зақымдануының алдын алу мақсатында тұрақты дәрігердің бақылауында болу үшін, дәрігер-эндокринологтың диспансерлік есебіне тұрыңыз.

Барлық аймақтық емханаларда қызмет ететін «Диабет мектебіне» барып тұрыңыз. 

Толығырақ