Дәріханадан дәріні қалай дұрыс сатып алу керек?

Басып шығару

Барлығымызға мезгіл-мезгіл дәріхадан дәрі сатып алуға тура келеді, және дәріні сатып алу туралы шешімнің эмоционалдық деңгейде жасалатынын сирек емес – барлық сырқаттан арылуға уәде беретін, дәрілердің және биологиялық белсенді қоспалардың думанды жарнамасы, білетін таныстардың кеңестері; дәріхана сөресінде дәрінің жай ғана сәтті орналасуы және т.б. Сонымен қатар, дәрілік заттар – бұл айрықша тауар, қандай да бір дәріні сатып алған кезде қателіктерге бой алдырмаған жөн. Денсаулық үшін пайда тигізіп, барынша аз тәуелдермен қалай дұрыс таңдау жасауға болады, қалай «сақтандануға» болады? Дәріхана ақшаңызды апармас бұрын, дәріні денсаулыққа пайда тигізетіндей етіп сатып алуға 3 маңызды қадам жасаңыз!  

1-қадам. Сатып алу мақсатын анықтау немесе дәріні не үшін сатып алғыңыз келеді?  

Сырқаттың негізгі симптомдарын нақты анықтауға тырысыңыз, Жауапты өзін-өзі емдеу қағидаларына жүгініңіз. Егер өз бетіңізше емделе аламын деп үзілді-кесілді шешім қабылдасаңыз, онда фармацевтке кім үшін және қандай мақсатта, яғни қандай симптомдардан арылу үшін дәріні сатып алғыңыз келетінін түсіндіріңіз.

Мысалы:

салқын тиюге немесе жоғары температураға қарсы дәрі;

балаға арналған жөтелге қарсы дәрі (баланың жасын нақтылаңыз); 

егде жастағы адамға арналған бас ауруына қарсы дәрі;

орта жастағы адамға арналған тыныштандырушы дәрі;

жүкті немесе емізуші әйелге арналған тұмауға қарсы дәрі.

Егер дәріні аллергия, диабет, демікпе, бүйрек, бауыр ауруы бар немесе кейбір дәрілерді көтере алмайтын адамдар қолданатын болса, онда бұл туралы міндетті түрде фармацевтке хабарлаңыз. Сондай-ақ, бірнеше дәріні дұрыс қолдану үшін, фармацевтке қандай дәрілерді қолданып жүргеніңізді хабарлау қажет.

Бұл сұрақтарды үйде немесе дәріханаға барар жолда дайындап алған жөн, өйткені дәріханада әдетте сатып алушы көп болады да, фармацевт сізге жеткілікті уақыт бөле алмайды. Себебі маңызды бір нәрсені жіберіп алуыңыз мүмкін ғой! Ал бұл, біріншіден, жағдайыңыздың нашарлауына, екіншіден, уақыт пен ақшаны бос жұмсауға әкеп соқтырады

Есте сақтаңыз!!! Өзіңіз қолданатын дәрілерді басқаларға бермеңіз, және өзіңіз тағайындамаған дәрілерді қолданбаңыз! 

2-қадам. Дәрілік затты таңдау  

Фармацевт сізге кеңес беріп, сырқатыңыздан арылу үшін бір немесе бірнеше дәріні ұсынды. Асықпаңыз! Нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз! Қолдануға арналған көрсетімдерін симптомдарыңызбен салыстырыңыз, қолдануға арналған көрсетімдері мен қарсы көрсетімдерін, ерекше нұсқауларды қарап шығыңыз. Егер сізге бір уақытта пайдалану үшін бірнеше дәріні ұсынса, барлық дәрілік заттардың әсер етуші заттарын салыстырыңыз. Себебі әр түрлі коммерциялық атаулардың негізінде сізге бір дәріні ұсынуы мүмкін ғой. Ал тіпті рецептурасыз дәрілерді артық дозалау өте маңызды салдарларға әкеле алады!

Ыстық түсіретін парацетамол дәрісін сатып алуға шештіңіз дейік. Фармацевтикалық фирмалардың көбі парацетамолды әр түрлі атаулардың негізінде және әр түрлі дәрілік нысандардың негізінде шығарады. Мысалы, Парацетамол таблеткалары 500 мг №10, Панадол 500 мг №12, Эффералган таблеткалары 500 мг №16 және т.б. – бұл белсенді заттың бірдей мөлшері бар, бірақ өндіруші фирмамен ғана ерекшеленетін әдеттегі парацетамол. Бір компонентті заттармен қатар, дәріхана сөрелерінде құрамында парацетамолы бар ұнтақ немесе көпіршікті таблеткаларды көре аласыз.

Қазіргі уақытта АҚШ-та FDA дәрілік заттарды тіркеу қағидалары бойынша құрамында парацетамолы бар барлық дәрілік заттарға «құрамында парацетамол бар» немесе «құрамында парацетамолы бар дәрілік заттармен қолдануға болмайды» деген таңбаны орналастыру ұсынылды. Бұл парацетамолды ұсынылған дозада 3-5 күн бойы қолданудың балалар мен ересектер үшін тиімді әрі қауіпсіз ыстық түсіретін дәрі болуымен байланысты. Бірақ оны артық дозалау (көбінесе құрамында парацетамолыьбар ә түрлі дәрілік заттарды бір уақытта қолданған жағдайда туындайды) бауыр немесе бүйректің уытты зақымдалуын тудырып, өлімге дейін әкелуі мүмкін.  

3-қадам. Дәріні сатып алу немесе неге назар аударған жөн  

Дәрілік затты сатып алған кезде, бәрінен бұрын:

- қаптаманың тұтастығын;

- мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолдану жөніндегі нұсқаулықтық болуын;

- жарамдылық мерзімін;

- қаптамада механикалық зақымдардың, майысқан жерлердің болмауын;

- қаптаманың ылғал болмауын тексеру қажет.

Сонымен қатар, егер таблетка түріндегі дәрілік затты сатып алсаңыз, онда келесілерге назар аударыңыз:

- таблеткалар тұтас болып, үгілмеуі керек;

- таблеткалардың түсі нұсқаулықта көрсетілген түске сәйкес келуі керек;

инъекция түрінде (ампуладағы ерітінді)

- көзге көрінетін механикалық қосылыс болмауы керек;

флакондарда

- жақсы тығындалып, ақтарған кезде ағып кетпеуі керек;

жақпамай

- әдеттегідей, біртекті консисттенциясы болуы керек және қатпарланбауы керек.

Дәрілік заттың шынайылығына күмән туған жағдайда, фармацевттен сәйкестік сертификатын көрсетуді сұрай аласыз. Ол кез-келген дәрінің сапаға сәйкестігінің өзіндік төлқұжаты болып табылады. Құжаттардың міндетті деректемелері: тіркеу нөмірі; өндіруші елдің, жеткізуші фирманың атауы; тауарлы атауы; дәрілік заттың нысаны (ампула, таблетка, капсула және т.б.); қаптамадағы нөмірмен сәйкес келуі тиіс топтаманың нөмірі. Сертификат оны берген ұйыммен расталуы тиіс.

Дәрілік затқа арналған нұсқаулық қосымша парағымен міндетті түрде танысып шығыңыз. Өзара байланысы мен ерекше ескертулерге назар аударыңыз! Әсіресе дәріні балаларға немесе жүкті әйелдерге берген кезде.

Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз  туындаған жағдайда 8 800 080 88 87  Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz. Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанымызды ұмытпаңыздар!

Құрметті оқырмандар, өмірдегі басты құндылықтар – бұл өмірдің өзі, сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы! Өздеріңізді күтіңіздер!

 Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Басибекова А.

ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК

Дәрі-дәрмек орталығы