Қоршаған ортаның фармацевтикалық ластануы

Басып шығару

Адамдар жүрген жерлердің бәрінде қоршаған ортаның, ең алдымен өңделген және өңделмеген ағынды сулардан фармацевтикалық препараттармен ластану қаупі болады.  200 әртүрлі фармацевтикалық агенттердің 200 астамы, оның ішінде антибиотиктер, стероидтық емес  қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП), анальгетиктер, гиполипидемиялық препараттар, эстрогендер, және басқа терапевтік топтың препараттары  бүкіл әлем бойынша сулы және құрлық бетіндегі ортадан табылған.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес   жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және олар осы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектілердің уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жойылуы тиіс.

Бүгінгі күні біздің елімізде халық жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды дәрі қалдықтарын одан әрі жою үшін оларды  қалдыққа шығарудың  орталықтандырылған рәсімдерінің, не болмаса  препараттарды орталықтан жинаудың болмауы салдарынан жалпы тұрмыстық қалдықтармен бірге  қалдыққа шығарады.

Шетелдік зерттемелер дәрі қалдықтарының өңдеуге арналған  ағынды сулардан, сондай-ақ  қуатты тазарту жүйелерідің көмегімен өңделген суларда табылғандығын көрсетті.  Бұған қоса, олар топырақтың құнарлығын қалпына келтіру үшін қайта пайдалануға арналған қатты биологиялық заттардан табылған.

Тұрмыстық дәрі қалдықтары  көбінесе  кәріздер және қоқыс үйінділері арқылы дұрыс қалдыққа шығарылмауына байланысты қоршаған ортаны ластайды.

Дәрі қалдықтары, ең алдымен, бөлінулер немесе бастапқы фармацевтикалық қосылыстар ретінде  қоршаған ортаға түседі. Ағын суларын тазартуға арналған қазіргі кездегі аспаптар  фармацевтикалық қосылыстардың қаттыларын да, сұйықтарын да жоюға арналмаған. Осындай ағын суларын  мал өсіруге, жер өңдеуге пайдаланылатын суқоймаларына жіберу, қоршаған ортаның ластануын айтарлықтай ауырлатады. Бұның бәрі нәтижесінде   жер қыртысының және жер асты суларының  фармацевтикалық препараттармен ластануына әкеп соғады.

Дәрі қалдықтары – тіпті төмен концентрацияда әртүрлі организмдердің физиологиясы мен әрекеттеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін нақты биологиялық жүйеге бағытталған өте белсенді қосылыстар.  Антибиотиктердің ағынды суларда  болуы   ағын суларын тазарту үрдісінде қолданылатын, сондай-ақ сулы ортада болатын  антибиотиктердің төзімділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Қоршаған ортаның дәрі қалдықтарымен ластануын болдырмау немесе азайту  дәрлік заттарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат деңгейінде әркет етуді де,  ағынды суларды қалдыққа шығару және тазарту технологияларын жетілдіруді де талап етеді. 

Дәрілік заттарды пайдаланудың сапасы

Медицинаның дамуы  дәрілік заттарды, көбінесе созылмалы ауруларды емдеу үшін  қолданудың артуына әкеп соқты. Дәрілік заттармен емдеген кезде фармацевтикалық препараттардың белсенді компоненттері  айтарлықтай дәрежеде пациенттің денесінен өзгеріссіз, не болмаса осы қосылыстардың  туындылары немесе  метаболиттері түрінде шығады. Пациенттің ағзасынан шыққан дәрі қалдықтары осылайша ағынды суларда пайда болады.

Дүниежүзілік қауымдастық жылдар өткен  сайын  қоршаған ортаның дәрілік заттармен ластануына  көбірек көңіл бөлуде.  Қоршаған ортаның фармацевтикалық ластануын  тоқтатудың маңызды жолдарының бірі  дәрі қалдықтарын қалдыққа шығару жүйесін жетілдіру және дәрілерді шамадан тыс пайдалануды төмендету болып табылады.

Жаңа санитарлық жүйелер  фармацевтикалық ластануды болдырмайтын және әлеуетті патогендерді қауіпсіз жоюды қамтамасыз ететін  технологияларды қамтуы тиіс. Дәрі қалдықтарымен ластанған су мен топырақ, әсіресе ауылшаруашылық және орманды алқаптарға  пайдалануға жарамайды.

Дәрілік қосылыстардың  тіпті өте төмен коцентрациясы да проблема болып табылады. Проблема антибиотиктерге төзімділікке байланысты ауырлай түседі. Антибиотиктер  микробтарды жоюға арналған. Қоршаған ортаға түскен кезде олар су мен жер бетінің экожүйелеріндегі микробтық популяцияның өміршеңдігі мен әртүрлілігіне  тікелей әсер етеді.

Көптеген биологиялық үрдістердің ағымына қажетті микроорганизмдерге тікелей әсерімен қоса, ауру тудыратын микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің дамуына ықпал ететін қоршаған ортаның антибиотиктермен ластанатындығы да толғандырады.  Антибиотиктердің ағынды суларда болуы ағын суларын тазарту үрдісінде қолданылатын, сондай-ақ су ортасында болатын оларға  бактериялардың төзімділігінің дамуына ықпал етуі мүмкін. Расында да, ағын суларын биологиялық тазарту жүйелерінде, тазарту құрылығыларында бактериялық тығыздықтың болуы, қоректік заттар мен оттегі құрамының жоғары болуымен қоса антибиотиктердің болуы антибиотиктерге төзімді бактериялардың таралуына қолайлы жағдай  жасай отырып, антибиотиктерге төзімді гендерді беруге тамаша жағдайды қамтамасыз ете алады. 

Антибиотикке төзімділіктің дамуы адамның инфекциялық ауруларын емдеуге жарайтын  тиімді антибиотиктердің азаюына әкеп соқты. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  антибиотикке резистенттілікті адамзатқа төнген ғаламдық қатер деп белгіледі және  барлық елдерді антибиотикке резистенттілікке қарсы күресуге бірлесіп әрекет етуге шақырады. Сондықтан дәрілік препараттардың қоршаған ортаға экологиялық әсер етуінің күрделі мәнмәтінін қарастырудың  және ластануды азайту механизмдерін енгізудің маңызы зор.

 «Адам денсаулығы институты» ҚБ   БҰҰ даму бағдарламасының қолдауымен (UNDP) Астана қаласында  халықтан жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды жинауға бағытталған пилоттық жобаны іске асырады. Жинау  дәрілерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатып, дәріхана желілері арқылы жүзеге асырылатын болады.  

Біз барлық астана  тұрғындары мен қонақтарын  осы акцияға қызығушылық танытып және белсенділік көрсетуге,  үй, жол және автомобиль дәріқобдишаларына уақытылы тексеру жүргізуге, және пайдалануға жарамайтын дәрілер табылса, жинауға арналған арнайы контейнерлерге салуға шақырамыз. Өз денсаулығына, қоршаған ортаның жағдайына ортақ жауапкершілік таныту  халықтың азаматтың белсенділігінің жоғары мәденитеттілігінің айқын көрсеткіші болып табылады.

Жобаны іске асыру қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қолайлы әсер етеді, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды қолданудың қауіптілігі жайлы халықты ақпараттандыруға үлес қосады,  медицина қалдықтарын басқару жүйесін нығайтады.

Егер Сізде дәрілік заттарды қабылдау бойынша кез келген сұрақ туындайтын болса, Call-қызметінің тегін нөміріне 8 800 080 88 87 қоңырау шалыңыз немесе біздің ресми сайтымызға хат жазыңыз - www.druginfo.kz

Біздің қызметіміз Сіздер үшін!

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы

ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК