Дәлелді медицина

Басып шығару

Дәрі тиімділігінің «дәлелді базасы» дегеніміз не?

 Дәлелді медицина – нақты науқастың емін таңдауға арналған клиникалық зерттеулердің үздік нәтижелерін

әділдікпен, дәлме дәл және ойланып пайдалану.

Дэвид Сакетт және басқалар. 1996 жыл.

 

Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды арттыру және медициналық қызметтің сапасын бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетуге деген бұрынғы көзқарасты түбірімен өзгертетін үлкен өзгерістер жүріп жатыр, соның ішінде ең алдымен дәлелді медицинаны  барлық деңгейдегі шешім қабылдау тәжірибесіне енгізу.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.  2013 жылғы 12 желтоқсандағы №723 бұйрығына сәйкес (28.04.2015 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен)

1)Дәрілік препараттың дәлелденген клиникалық тиімділігі - Кокран достастығының және (немесе) АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасының дерекқорларында ұсынылған, Британ ұлттық формулярында және халықаралық клиникалық нұсқауларда, оның ішінде Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық және клиникалық жетілдіру институтының клиникалық нұсқауларында бар мета-талдауларда және (немесе) жүйелі шолуларда және (немесе) рандомизирленген бақыланатын клиникалық зерттеулерде дәлелденген, терапиялық мақсаттардағы фармакологиялық әсері;

2) Дәрілік заттардың теріс тізімі - нақты көрсеткіш бойынша тиімсіздігінің дәлелденуіне және организм үшін дәлелденген пайдадан асатын зиянның пайда болуына және Формулярлық комиссия мүшелерінің тарапынан ерекше қызығушылық пен теріс (аффилирленген) түсініктің болуына байланысты, Қазақстан Республикасы  аумағында клиникалық тәжірибеде қолданылуға ұсынылмаған дәрілік заттар тізбесі.

«Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №369 бұйрығына сәйкес Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (бұдан әрі - ҚҰФ) - шекті бағалары көрсетіле отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік формулярларды әзірлеу мен бекіту үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттардың тізбесі.

Дәрігердің, ғылыми қызметкердің, денсаулық сақтау менеджерінің оңтайлы шешім қабылдауы, оның кәсіби білімімен қатар ғылыми және клиникалық зерттеулердің нәтижелерін сыни көзқараспен және сауаттылықпен  бағалай білуін талап етеді. Сондықтан медицина мамандарын  медициналық ақпаратты іздеудің, талдаудың және жинақтаудың заманауи технологияларына тұрақты түрде баулыған және өз бетінше үйренген жағдайда ғана клиникалық практикадағы дәлелді тәсілді іске асыруға болады.

Практикалық дәрігерге арналған дәрілік заттар туралы шынайы ақпараттың негізгі көздері 1-кестеде көрсетілген: 

Кокран ынтымақтастығының кітапханасы —

TheCochrane

library

 

Кокран жүйелі шолулардың деректер қоры медицина қызметкерлеріне, зерттеушілерге, пациенттің құқығын қорғаушыларға арналған жаһандық, тәуелсіз желі болып табылады. Сонымен қатар түрлі зерттеулердің арқасында Кокран қорында көптеген нақты мәліметтер көлемі жиналып, олардың денсаулыққа байланысты дәлелді шешімдер қабылдауында пайдасы зор. Бұл – шынайы, қолжетімді медициналық ақпарат беруге арналған, коммерциялық демеушілері және басқа да мүдделі жанжалы  жоқ коммерциялық емес ұйым. Ұйымның миссиясы - жоғары сапалы, тиісті, қолжетімді жүйелі шолулар және басқа да синтезделген ғылыми мәліметтерді жасай отырып, денсаулық сақтау саласында шешім қабылдауға жәрдемдесу.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау және медициналық көмекті жетілдіру ұлттық институтының клиникалық нұсқаулығы (NICE)

Науқастарға қарау жөніндегі клиникалық нұсқаулықтар, денсаулықты жақсарту жайлы кеңестер жинақталған тегін ресурс.

bestpractice.bmj.com

Best practice

(ақылы ресурс*)

Пациентке консультация берер алдында, беру барысында немесе бергеннен кейін шешім қабылдауды қолдаудың онлайн құралы. Құрылымдық және кезеңдік тәсілмен дәрілік заттар туралы толық ақпаратқа сілтемелер жасалған дәлелдемелері мен ұсынымдары бар сарапшылардың қорытындылары келтірілген ақылы ресурс.

Британдық ұлттық формуляр

(BNF*)

(ақылы ресурс)

Британ медициналық қауымдастығы мен Ұлыбритания Корольдік фармацевтикалық қоғамының бірлескен баспасы болып табылады. Дәрілік заттар туралы негізгі ақпараттар (көрсетілімдері, дозалау режимі, бағалары) кіреді.

www.ncbi.nlm.nih.gov

PubMed - NCBI

24 миллионнан аса MEDLINE биомедициналық әдебиеттерге, ғылыми журналдардың өміріне және онлайн кітаптарға сілтемелері бар. Дәйексөздерде  PubMed Central  толық мәтінді мазмұнына және веб-сайт шығарушыға сілтемелер болуы мүмкін.

www.medicinescomplete.com

(ақылы ресурс*).

Дәрілік заттар туралы негізгі ақпараттар (көрсетілімдері, дозалау режимі, бағалары) кіреді.

ATC/DDD Index 2015 WHO Collaborating Centre for Drug Statistics Methodology

*Дәрілік заттардың анатомиялық-терапиялық  химиялықжіктемесі  (бұдан әрі - АТХ)  (Anatomical Therapeutic Chemical, АТС). АТХ жүйесінде ДЗ ХПА қолданылады.  АТХ жүйесі бойынша әрбір дәрілік заттардың белгілі бір анатомиялық мүшеге немесе жүйеге әсер етуіне, сондай-ақ оның химиялық, фармакологиялық және терапиялық қасиеттеріне байланысты бес деңгейлі сипаттамасына сәйкес коды болады.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және  медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы (ДЗСҰО)www.dari.kz

ҚР аумағында медициналық қолдануға және іске асыруға рұқсат етілген, Қазақстан Республикасында тіркелген барлық отандық және шетелдік дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникалардың  мемлекеттік тіркелімі ұсынылған.

Дәлелді ақпарат көздері мамандардың өзекті мәселелерді шешуіне және келешектің талаптарына сай хабардар болуға жәрдемдесіп,  медицина дамуына өз үлесін қосуда.

Дәлелдік деңгейін бағалау

Диагностикалау және емдеу бойынша практикалық ұсынымдар зеттеу мәліметтеріне де, экстраполяцияға да сүйене алады

А – дәлелдер сенімді: осы әдісті қолдануға қатысты негізді дәлелдер бар;

В – дәлелдердің салыстырмалы сенімділігі: осы ұсынысқа кеңес беру үшін дәлелдер жеткілікті.

С – жеткілікті дәлелдер жоқ: қолда бар дәлелдер  ұсыныс шығару үшін  жеткіліксіз, бірақ өзге жағдайлар ескеріліп ұсыныстар берілуі мүмкін;

D – теріс дәлелдер жеткілікті:  белгілі бір жағдайда бұл әдісті қолданудан бас тартуды ұсыну үшін жеткілікті дәлелдер бар;

Е – негізделген теріс дәлелдер: бұл әдісті ұсынымдардан  шығарып тастауға сенімді дәлелдер жеткілікті.

Жоғарыда сипатталған зерттеудің мәліметтері бойынша ЖРВИ диагнозы қойылған пациенттерге амбулаториялық деңгейде препараттардың келесі топтары жиірек тағайындалған: вирусқа қарсы препараттар, СЕҚҚП, иммуномодуляторлар, антибиотиктер, ББЗ.